Медициналық мекеме туралы ереже

«Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы»ШЖҚ МКК туралы ереже 

І. Жалпы ережелер

1. Кәсіпорынның толық атауы: «Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (одан әрі Астана қаласы  әкімдігінің  «Ниет» ОДО ШЖҚ МКК)

2. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» ОДО ШЖҚ МКК шаруашылық жүргізу құқығындағы  ұйымдастыру-құқықтық формасындағы заңды тұлға болып табылады, кәсіпорынның мемлекеттік тілде атауык өрсетілген  мөрлері мен бұрыштамалары, Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланктері бар.

3. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ШЖҚ МКК  құрылтайшысы және оған мемлекеттік меншік құқық субъектісі қызметтерін  жүзеге асыратын орган ретінде  жергілікті атқарушы  орган болып– Астана қаласы әкімдігі  табылады.

4. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ШЖҚ МКК   өкілетті органы болып – Астана қаласының «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ табылады.

5. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ШЖҚ МКК  атқарушы  органы болып оның басшысы (бас дәрігер) табылады.

6. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ШЖҚ МКК  өзінің  қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің  актеріне, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі және  Астақа қаласының «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының  бұйрықтарына, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен қатар  Астана қаласы әкімдігінің  Қаулысымен бекітілген кәсіпорын  Жарғысына және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

7. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ШЖҚ МКК   Қазақстан Республикасы Заңнамасының актілеріне  сәйкес азаматтық-құқықтық қарым-қатынасты жүзеге асырады..

8. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ШЖҚ МКК  заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Р.Қошқарбаев көшесі, 64 үй.  

 

ІІ. Мекеменің міндеттері, мақсаты, миссиясы, пайымы 

9. «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ШЖҚ МКК  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сай алынған  лицензиялар мен сертификаттарға сәйкес учаскелік-аумақтық принцип бойынша тұрғындарға алғашқы медико-санитарлық көмекті сапалы, қол жетімді,  уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етеді.

10. Миссиясы: Бекітілген тұрғындарға әлеуметтік-бағдарланған алғашқы медико-санитарлық көмекті  сапалы,  қауіпсіз, қолжетімді,  уақытылы көрсету  арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулықтарын жақсарту және сақтау, өмір сүру  мерзімін ұзарту.

11. Пайымы: Халықаралық сапалы және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жоғары деңгейдегі  медициналық қызмет көрсету және сервисті жетекші  қалалық отбасылық денсаулық орталығы.

12. Медициналық  ұйымның мақсаты: көп жылдық дәрігерлік тәжірибені қолдана отырып, көрсетілетін медициналық  қызметтің сапасын үнемі жақсартумен жетілдіру, жоғары кәсіби кадрлық әлеуетті бәсекелестікке қалыптастыру, стандартты және инновациялық технологиялар  негізінде бекітілген тұрғындарға әлеуметтік-бағдарланған алғашқы медико-санитарлық көмекті  сапалы,  қауіпсіз, қолжетімді,  уақытылы көрсету.

13. Міндеттері:

Отбасылық денсаулық орталығында  және үйде бекітілген аумақтың ересек, балалар  тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;

Тұрғындар арасында алдын алу іс-шараларының кешенін ұйымдастыру және өткізу;

Тұрғындардың диспансерлік бақылауын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру;

Тұрғындарға санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын  насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу;

Ұйым кадрлық құрамының біліктілігін арттыру, қайта даярлау;

Орталықтың материалдық-техникалық базасын жақсарту.

14. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ШЖҚ МКК  осы мақсаттарды іске асыру үшін мыналарды ұйымдастырады және өткізеді:

1)  Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін медициналық көмектің түрлері мен көлеміне сәйкес отбасылық денсаулық орталығына бекітілген тұрғындарға, үйде алғашқы медициналық-санитарлық  көмек көрсетеді;

2)  Аурудың ерте және жасырын формаларын, тәуекел факторларын анықтауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру;

3)  Улану және басқа да жазатайым жағдайларда, жарақаттануда, кенеттен ауру кезінде ауруларға  алғашқы  және шұғыл   медициналық көмек көрсету;

4)  Иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және өткізу;

5)  Санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы  іс-шараларды жүзеге асыру;

6)  Аурулардың алдын-алу және салауатты  өмір салтын  қалыптастыру, денсаулық қорғау  мәселелері бойынша тұрғындарды оқыту;

7)  Ортақ тәжірибелі  дәрігерлер азаматтарды емханаларға  жатқызу, санаторлық-курорттық емделуге  жіберуі;

8)  Рецепттерді тағайындау, оның ішінде тегін (жеңілдік)  дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

9)  Жүкті әйелдерді   уақытылы есепке алу және оларды  бақылау;

10) Ортақ тәжірибелі дәрігерлер азаматтарды ересек  және бала тұрғындарға кеңес беру үшін кеңес-диагностикалық медициналық көмек көрсетуге  жолдау;

11) Науқастардың уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығына сараптама  жасау;

12) Қызмет көрсететін тұрғындар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс;

13) Тұрғындарға ақылы медициналық қызмет көрсету;

14) Емдеу-диагностикалық және профилактикалық көмек көрсетудің жаңа әдістері мен әдістемелерін  игеру және енгізу;

15) Дәрігерле мен  орта медициналық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар;

16) Алғашқы медициналық-санитарлық   көмек көрсетуді жалпы тәжірибелі дәрігерлері  (ОТД)жүзеге асырады. 

 

ІІІ. Мекеменің қызметін ұйымдастыру

16. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ШЖҚ МКК-ға  бас дәрігер (басшымен) басшылық жасайды.

17. Бас дәрігерді тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу Қазақстан Республикасы Заңнамасымен белгінеген  жағдайдан басқа, Қазақстан Республикасы  Үкіметі белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.

18. Уәкілетті орган Қазақстан Ресрубликасының ЕңбекКодексіне сәйкес   еңбек шартын жасау арқылы мекеме басшысымен (бас дәрігермен)  еңбек қатынастарын рәсімдейді.

19. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ШЖҚ МКК (кәсіпорын) бас дәрігері:

1)  кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне және мүлігінің сақталуына дербес жауапты;

2)  кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымдастыруға дербес жауапты;

3)  Қазақстан Республикасының Заңнамасымен  және кәсіпорын Жарғысымен айқындалған өзінің құзыретіне сәйкес дербестік принциптерінде іс-әрекет етеді және кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді;

4)  Кәсіпорын атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді және  барлық  органдарда кәсіпорын мүдделерін ұсынады;

5)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шегінде кәсіпорын мүлікіне иелік етеді;

6)  Кәсіпорын мүлкінің қолдануылына және сақталуына  бақылауды қамтамасыз етеді;

7) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді  қолданылуын қамтамасыз етеді;

8)  Келісім-шарттар және өзге де келісімдер жасайды;

9)  Сенім хаттар береді;

10) Банктік есеп шоттар ашады;

11) Өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және кәсіпорынның барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

12)Қазақстан Республикасының Заңнамасына  сәйкес  кәсіпорын қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен  босатады;

13) Заңнамада белгіленген тәртіпте қызметкерлерді тәртіптік жазаға тартады және оларға ынталандыру  шараларын қабылдайды;

14) Еңбекақы формасын, штат кестесін, лауазымдық жалақы мөлшерін, бекітілген еңбек ақы төлеу қорының шегінде қызметкерлерге сыйақы төлеу және басқада көтермелеу жүйесін (бас дәрігердің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) бекітеді;

15)  Өкілетті органға өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау мен қызметтен босатуға   кандидатура  ұсынады;

16) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін  бекітеді;

17) Кәсіпорын қызметкерлерінің міндеттері мен  өкілеттігін белгілейді;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да  міндеттерді атқарады;

19) Бас дәрігер жұмыста болмаған жағдайда оның   міндетін заңнамаға  сәйкес тағайындалған тұлға бас дәрігердің міндетін атқарады. 

 

ІV. Мекеме мүлкі

20) Кәсіпорын  мүлкін  активтер құрайды, олардың  құны оның теңгерімінде  көрсетіледі.

21) Кәсіпорын  мүлкі ажырамас  болып танылады және  салымдар бойынша таратылмайды, соның ішінде кәсіпорын  қызметкерлері арасында.

22) Кәсіпорын  мүлкі:

1) меншік иесі оған берген мүлік;

2) өзінің  қызметінің нәтижесінде  сатып алынған (ақшалай кірісті  қосқандағы) мүлік;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен  тыйым салынбаған өзге де   мүліктер есебінен қалыптасады.

23. Кәсіпорынның қарамағында жарғы мақсаттарымен көзделген немесе оның қызметінің өнімі болып табылатын  кәсіпорын   қызметін қамтамасыз етуге  қажетті мүлік қана   болуы тиіс. 

 

V. Кәсіпорынның  қайта ұйымдастырылуы және таратылуы 

24. Кәсіпорынды қайта  ұйымдастырылуы мен таратылуы  әкімдіктің шешімімен жүргізіледі.