Қазақстанда туберкулез бизнесті дамыту үшін қауіп төндірмейді

Қазақстанда туберкулез емделеді: туберкулезді анықтаудың  инновациялық жеделдетілген әдістері мен оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген әдістері әрбір азаматқа тегін негізде қолжетімді.

2005 жылдан бастап 2014 жыл аралығында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 54,9%-ға, өлім көрсеткіші – 76,4%-ға төмендеді. 

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы:

  • туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 9,5%-ға төмендеді.
  • өлім көрсеткіші 12,5%-ға төмендеді. 

Туберкулезді анықтаудың және оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген инновациялық әдістерінің барлық түрлері қолданысқа енгізілген. 

Қазақстан АИТВ-инфекциясынсыз!

АИТВ-инфекциясындиагностикалау мен емдеу Қазақстанда әрбір азаматқа қолжетімді және тегін негізде жүзеге асырылады. Республика бойынша жыл сайын 10% астам халық, АИТВ-ға тестілеуден өтеді. 

Профилактикалық шараларды сақтай отырып, АИТВ-инфекциясының алдын алуға болады: кездейсоқ адамдармен қорғансыз жыныстық қатынас жасаудан аулақ болу, уақытылы диагностикадан өту және жыныстық жолмен жұғатын инфекцияны емдеу, залалсыздандырылған аспаптарды пайдалану және АИТВ-ға тест тапсыру.  

АИТВ-мен өмір сүретін, вирусқа қарсы терапия қабылдайтын адамдар ұжымның толыққанды мүшелері және қоғам үшін қауіпті емес болып табылады. 

Тұмау мен ЖРВИ-ге дайын болыңыз және алдын алу шараларын орындаңыз!

Тұмау дегеніміз не? Тұмау — жасы мен жынысын талғамастан, бәріне бірдей жұғатын ауыр вирустық инфекция. Оған өткір токсикоз, ринит, мұрынның бітуі және бронхты зақымдайтын катаралды құбылыстармен сипатталатын белгілер тән. ЖРВИ – адамзаттың ең кең таралған аурулары. Онымен жазда азырақ, қыста көбірек болса да, барлығы дерлік ауырады. 

ЖРВИ мен тұмауды туындататын вирустар мұрын мен тамақтан бастап, өкпеге дейін барлық кеңістіктегі эпителийлі жасушаларды зақымдайды. Бұл вирустардың көптеген түрлері бар, ең көп таралғаны – тұмау, ал «бейтанымал» түрлері – парагрипп, аденовирус, риновирус, реовирус және басқалары. Cыртқы ортада вирустар тезірек өледі, бірақ адамнан адамға ауа-тамшылы жол арқылы тез таралады. 

Биіктіктен құлауға байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі ата-аналар үшін нұсқаулық

Жылдың жылы мезгілдерінде көптеген ата-аналар терезенің ашық қалуы бала үшін аса қауіпті екендігін ұмытып кетеді.

Жыл сайын көптеген балалар биіктіктен құлау арқылы көз жұмады.

Терезеден құлау әсіресе қалалы жерлерде балалар жарақаты мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып саналады. Балалар өздерінің бәрін білуге құштарлықтарының нәтижесінде ашық тұрған терезе алдында аса осал болып келеді.

Сақ болыңыз!

Терезеден құлап кетуден баланы қалай қорғауға болады:

  1. Егер үйде бала болса, терезені ешқашан да ашық қалдырмаңыз!

Сіз оның қасында болып көрінгеніңізбен, сіз алшақтап кеткен бір секундтың өзі балаңыздың өміріндегі соңғы болуы мүмкін.

Өзін-өзі өлтірудің алдын-алу нұсқаулығы

Суицид – өзін өмірден әдейі, қасақана айыру, егер мәселелер бірнеше айдың ішінде өзекті және шешілмеген болса, сондай-ақ, адам айналасындағы адамдардың ешқайсысымен өзінің уайым-қайғыларымен бөліспейтін болса орын алуы мүмкін.

Сақ болыңыз! Өзін-өзі өлтіруге бел байлаған адамдар өздерінің ойлары туралы ешкімге айтпайды деген пайымдау қате.

Көптеген адамдар осы немесе басқа жолмен айналасындағыларға ескертеді.

Ресми деректер бойынша, жыл сайын өзін-өзі өлтіру арқылы 1 100 000 адам өмірменқош айтысады, олардың ішінде: 350 мың қытайлықтар, 110 мың үндістер, 55 мың орыстар, 31 мың америкалықтар, 30 мың жапондар, 12 мың украиндер, 10 мың француздар... Өзін-өзі өлтірушілердің ресми статистикасына өзін-өзі өлтірудің тек анық жағдайлары кіреді, сондықтан да өзін-өзі өлтірудің нақты саны ресми көрсеткіштерден асып түседі, жыл сайын әлемде 4 000 000-нан астам адам өзін-өзі өлтіреді деп есептеледі. Жыл сайын 19 000 000 адам өзін-өзі өлтіруді сәтсіз аяқтайды. Өзін-өзі өлтірудің аяқталған саны орташа есеппен алғанда еркектер арасында әйелдерге қарағанда 4 есе көп. Бір жағынан, әйелдер өздеріне еркектерге қарағанда 4 есе жиі қол жұмсайды, бірақ, өлімге сирек әкелетін, «өздерін аяйтын» тәсілдерді таңдайды.